Таң намазының уақыты шығуға таяғанда тек парызын ғана оқыса бола ма?
Таң намазының уақыты шығуға таяғанда тек парызын ғана оқыса бола ма?
2 ай бұрын 1903

Сәлеметсіздер ме! Таң намазының уақыты шығуға таяғанда тек парызын ғана оқыса бола ма?

Бисмилләһ, уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Таң намазының уақыты таң шуағы көкжиекте көлденеңнен жайыла бастағаннан бастап, күн шыққанға дейінгі аралық.

Ендігі жерде, бір мұсылман таң намазына кештеу тұрып қалып, сүннетін оқимын дегенше уақыт шығып кететіндей болса, ол кезде тек парызын ғана өтеп алғаны жөн, өйткені қаза еткеннен гөрі, парызын болса да уақтылы өтеп алғаны дұрыс. Ал оқылмай қалған сүннетін күн шыққаннан кейін жарты сағат өткізіп, оқып алса болады. Онысы Әбу Ханифа бойынша «нәпіл» намаз есебінде болады, ал Имам Мұхаммед бойынша «сүннет» намазын оқыған болып саналады.

Алайда, келесіде ертерек тұруға ден қойғаны дұрыс. Өйткені, намазды шығар, шықпас сәтке дейін кешіктіру мәкруһ. Оның үстіне, олай істеу бара-бара намазды қаза етуге алып келеді. Намазды қаза ету күнә.  

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Уа ахиру даъәуна әнил хамду лилләһи Раббиль аләмин.

Абдусамат Қасым