Таң намазына мешітке барғанымда тек мешіт ақысын ғана оқып, сүннетін оқымаппын. Сүннетін оқиын ба?
Таң намазына мешітке барғанымда тек мешіт ақысын ғана оқып, сүннетін оқымаппын. Сүннетін оқиын ба?
2 жыл бұрын 4263

Ассалаумалейкум рахматуллахи уа баракатуһ! Жаңа таң намазын мешітте оқып едім, тек сәлем намазын оқып таң намазының сүннетін оқымаппын. Парызды оқып болғасын имамнан «кәзір сүннет оқып алсам бола ма», деп сұраған едім, ол «жоқ» деп жауап берді. Сұрақ: Енді сүннет намазын оқымаймын ба, әлде кәзір оқып алуға бола ма? 

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, мешітте жамағатпен таң намазын оқығаныңыз үлгі аларлық іс. Мешітте жамағатпен оқылған намаздың сауабы жиырма жеті есе сауапты.

Сауалыңызға келер болсақ: сіздің мәселеде таң намазы уақытында оқыған екі рәкәғат «мешіт ақысы», таң намазыңыздың сүннетінің орнына есептелетіндіктен, оны қайта оқудың қажеті жоқ(1).

Осы тұрғыда, таң намазы уақыты кіргеннен кейін, күн шыққанша мешіт ақысы сияқты нәпіл намаздардың оқылмайтындығын еске салып өткім келеді, үкімі мәкруһ. Әлһамдулилләһи Раббиль аләмин!


(1). Ибн Нүжейм: "Әшбәһ уән-Назаир". 117 бет. 

 

Абдусамат Қасым