Ассәләмуғалейкум! Екі ракат парыз намазы, яғни тан намазын екі ракатін жамағат болып төрт ракат етіп оқып қойдық,енді не істей аламыз жамағатпен қайта оқимызба жауап бере аласызба? Абдульазиз.
|
Таң намазын жамағат болып, төрт рәкәғат етіп оқып қойдық. Намаз санала ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Егер, екінші рәкәғаттан кейін «әттахият» отырысына отырған болсаңыздар, намаз дұрыс. Қайта оқудың қажеті жоқ [1].
- Ондай кезде сәһу сәждесін жасау керек пе?
- Қатесін намаздан шықпай тұрып аңғарған имам (немесе жеке оқушы) соңында сәһу сәждесін жасауы тиіс.
- Сәһу сәждесі жасалмаған болса, намаз дұрыс па?
- Ұмытып не білмей, яки күн шығуға таяған себепті сәһу сәждесін жасамаған болса, намаз саналады, қайта оқудың қажеті жоқ.
- Төрт рәкәғат қылып оқыған таң намазының екінші рәкәғатында отырмаған болсақ, ол намаз санала ма?
- Екінші рәкәғаттан кейін әттәхиятқа отырмаған болсаңыздар, таң намазы саналмайды, қайта оқу керек болады.
- Не себепті?
- Намаздың ішкі парыздарының бірі саналатын соңғы отырысқа отыру парызы орындалмағаны себепті.
[1] «әл-Фәтәуә әт-Тәтәрхания», 1\528 (529).