Сурет бар киімді кисе бола ма және намазға кедергісі бар ма?
Сурет бар киімді кисе бола ма және намазға кедергісі бар ма?
5 ай бұрын 1567

Сурет бар киімді кисе бола ма және намазға кедергі ме?

Бисмилләһир рахманир рахим

Ханафи мәзхабында тірі жанның суреті бар киімді кию мәкруһ саналған, мейлі намазда кисін, мейлі жай кезде кисін, үкімі бір. Бірақ намазда суретті жасырып тұратындай суреті бар киімінің үстінен басқа киім кисе, мәкруһ болмайды. Сондай-ақ, сақинадағы тірі заттың мүсіні мен сағатындағы суреттің де мәкруһтігі жоқ, өйткені көлемі кішкене, бастысы дін түсінігіне қайшы сурет болмауы тиіс.

Суреті бар киім кию мәкруһ десе де, бұл үлкен көлемдегі суретке және жанды заттың суретіне қатысты үкім. Ал анадай жерден көрінбейтін кішкене көлемдегі сурет бар киімді киюдің мәкруһтігі жоқ, және де жансыз заттардың суреті де мәкруһ емес1, мысалы, табиғаттың суреті, көліктің, ұшақтың суреті, қолғаптың суреті т.б.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 


Ибн Нүжәйм: «Бәхрур Раиқ». Намаз тарауы.

Абдусамат Қасым