Сақау немесе кекеш адам намазда имам бола ала ма?
Сақау немесе кекеш адам намазда имам бола ала ма?
6 жыл бұрын 6535

Әссәләмуғалейкум! Екінші сұрағым: Менің ағам сөйлегенде кемістігі бар, яғни тұтығып сөйлейді. Намазда имам бола ала ма? Ерболат.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Намазда имам болатын кісі мұсылман, балиғатқа жеткен, ақыл-есі дұрыс, Құран оқи алатын, сақау немесе кекеш емес, дәретті жиі бұзатын үзірі жоқ және ер кісі болуы тиіс[1].  

Бір әріпті бірнеше қайталап кекештеніп тұратын кісінің имамдығы жарамсыз[2]. Сондай-ақ, «р» әріпінің орнына, «л» немесе «ғ» әріпін шығаратын, «с» әріпінің орнына «сақау с» әріпін дыбыстайтын сақау кісілердің де имамдықтары жарамсыз. Олар тек өздері секілді кісілерге имам бола алады. Және де, сақау кісілер тілдерін дұрыстаулары үшін күнде жаттығу жасап, ең құрғанда «фатиха» және қысқа үш аятты сақауланбай дұрыс оқуға талпынулары тиіс[3].


[1] Ибн Абидин, әл-Хадия – 81 бет.
[2] Әл-Мухит әл-Бурхани – 1/321 бет.
[3] Раддуль Мухтар – 2/328 бет.

Абдусамат Қасым