Сапарда қаза болған намазды үйге келгенде қысқартып оқимын ба, әлде толық оқимын ба? Мара.
|
Сапар кезінде қаза болған намаздың қазасын кейіннен қалай өтеймін?
|
Жолаушы кезде қаза болған намазды кейіннен қазасын өтейтін кезде, қысқартып өтейсіз. Мысалы, сапардан келе жатқан жолда асыр намазы қаза болып қалды делік. Үйге жеткенде қазасын өтейтін кезде, екі рәкәғат қылып қысқартып өтейсіз. Өйткені жолаушы сәтте қаза болған төрт рәкәғатты намаздың қазасы да екі рәкәғатқа қысқартылып өтеледі. Ал, бірақ, жолаушы емес кезде қаза болған намазды, сапарда қазасын өтейтін болсаңыз, оны қысқартпай, толық өтейсіз.
Өзекті сұрақтар
■
«Күйеуім бақилық болды. Арамыздағы некеміз сақтала ма, бұзыла ма?
■
Баланы емізсе, ораза бұзыла ма?
■
Хижамадан кейінгі қан «нәжіс» пе? Хижамадан кейін «ғұсыл» құйыну шарт па?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?