Сәһу сәждесінде шатасса, не істейді, қайта сәһу сәжде жасай ма?
Сәһу сәждесінде шатасса, не істейді, қайта сәһу сәжде жасай ма?
2 ай бұрын 1199

Сәһу сәждесінде шатасса, не істейді, қайта сәһу сәжде жасай ма?

Бисмилләһ, уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ!

Сәһу сәждесі дегеніміз, қателік сәждесі. Бұл - намаздың уәжіптерін істемей қалғанда, намаздың уәжіптері мен ішкі парыздарын кешіктіргенде, парыз қимылдарды артығымен жасағанда т.б. осы сияқты абайсызда жасалған намаз ішіндегі қателіктер үшін намаз соңында жасалатын екі сәжде тәсілі. Сәһу сәждесін жасау - уәжіп. Осы тұрғыда намаздың ішкі сүннет амалдарын жасамағаны үшін сәһу сәжде жасалмайды. 

Ендігі жерде сәһу сәждесінің өзінде шатасса, қалай болады? - деген де сауал туындайды. Бұған қатысты Ханафи ғалымдарымыз: «сәһу сәждесінде шатасқаны үшін қайта сәһу сәждесі керек емес, өйткені сәһу сәждесін қайталау дұрыс емес» дейді олар1. Намазы дұрыс.

Сүннет намаздарында "сәһу сәждесі" жасала ма? 

Егер сүннет намаздарында да сәһу сәждені керек еттірер қателіктер орын алатын болса, сәһу сәждесі керек. Сондай-ақ, нәпіл намаздары мен үтір намазында да солай. 

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамадулилләһи Раббиль аләмин! 


1Алауддин әс-Сәмарқанди: «Тухфәтуль Фуқаһә». Бәбус сәһуи; «әл-Фәтәуәл Һиндия», Сужудус сәһуи.

Абдусамат Қасым