Құптан намазын оқымай тарауих намазын оқуға бола ма?
Құптан намазын оқымай тарауих намазын оқуға бола ма?
3 жыл бұрын 5890

Сәлеметсіздер ме! Құптан намазын оқымай тарауих намазын оқуға бола ма? Айдана.

Сәлеметсіз бе!

Тарауих намазының уақыты – құптан намазынан кейін. Бұл дегеніміз, Құптан намазын оқымай тарауих намазын оқуға болмайды деген сөз. Оқылған жағдайда "тарауих" намазы ретінде саналмайды. Сондықтан да, Құптанның уақыты кіргеннен кейін әуелі құптан намазының парызын және сүннетін оқып алу керек, одан кейін тарауих намазын оқысаңыз болады. Құптанның парызын оқымай, тарауих оқылмайды. Бұл жайында Ханафи ғұламасы Имам Кәсәни (Алла оны рахымына бөлесін) өзінің «Бәдәиъус Санаиъ» атты әйгілі фиқһ кітабында былай деп өтеді:

«Тарауих намазының уақыты – құптаннан кейін басталып, таң намазына шейін жалғасады (яғни, сол аралықта оқылады). Оны құптан намазынан бұрын оқуға болмайды. Өйткені ол құптанға тәуелді. Құптанның сүннеті секілді оны да құптаннан бұрын оқуға болмайды»[1].


[1] Имам Кәсәни: «Бәдәиъ», 2/275 бет.

Абдусамат Қасым