Қалтасына темекі салып оқыған кісінің намазы санала ма?
Қалтасына темекі салып оқыған кісінің намазы санала ма?
1 ай бұрын 1166

Ассаләмуғалейкум! Кей ағалардың қалтасына темекінің қорабын салып алып намаз оқығанын көрдім. Олардың намаздары дұрыс па? Темекі шегу харам емес пе? Рахмет. Абзал.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті Абзал, қазіргі таңдағы дін ғалымдарының басым көпшілігі темекінің харам екендігіне байлам жасасқан. Сондықтан да, діндар мұсылманның ондай жаман әдеттен тезірек арылуға тырысқаны құба-құп. Ал енді қалтасында темекісі бола тұра намазға тұрған кісінің намазы есептеледі. Өйткені, қалтада нәжіс тұрса намаз бұзылады, ал темекі «ақиқи нәжіс» емес, ол «мағнауи нәжіс», сол себепті қалтасында темекісі бар кісінің оқыған намазы саналады, қайта оқуының қажеті жоқ.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

 Абдусамат Қасым