Қажылыққа барған адам қандай аяқ киім киюі керек? Сандал, тәпішке кие ала ма?
Қажылыққа барған адам қандай аяқ киім киюі керек? Сандал, тәпішке кие ала ма?
7 күн бұрын 701

Ассаламуғалейкум уа рахматтулаһи уа баракатуһ! Ұмра кезінде ихрам хәлінде резенке аяқ киіп (шлепка) киюге бола ма? Біреулер тек саусаққа қыстырылатын аяқ киім ғана дұрыс дейді. Алла разы болсын рахмет!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, қажылыққа барған кісі ихрамға кіргеннен кейін аяқтың тобығын, өкшесін жауып тұратын аяқ киімдер кимейді. Ихрам кезінде аяқтың төбықтан төмен жері және асық сүйегінен (таранная кость) төмен жері көрініп тұратындай ашық болуы керек (суретте).









(Фото: islamicportal.co.uk)

Сондықтан, ихрам киген мұсылман аяғының үстіңгі жағын толық жаппайтын және тобық пен өкшесі ашық тұратын тәпішке, сандалдар кисе болады (тігісінің болуы зиян емес)1. Бұл айтқарымыз ер адамдарға қатысты. Ал әйел кісілерге еркіндік бар. Әйел кісілер қажылыққа барғанда әдеттегі шариғатқа сай тигісі бар киім және аяқты жауып тұратын әдеттегі аяқ киімдерін кие береді2. Осы тұрғыда, қажылыққа барған әйел кісілердің беттері мен білезіктен төмен қолдары ашық болуы тиіс. Ниқаб, паранжа және қолдарына қолғап кимейді.

Абдусамат Қасым


1  Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3\500 бет.
2  Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3\499 бет.