Әссәләмуғалейкум! Поезда ғұсыл бұзылса, не істеуге болады? Намазды қалай оқу керек? Нұрбек
|
Поезда ғұсылы бұзылған кісі намазды не істейді?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
«Дәрет алатын су да, таяммум соғатын таза топырақ та таппаған адам намазын қалай оқиды?» - деген сұраққа, Имам Ағзам Әбу Ханифа: «Екеуінің біреуі табылған кезде қазасын өтейді», - деп жауап берген[1].
Ендеше, ғұсылы бұзылған кісінің поезда жуынуға мүмкіндігі болмайтындықтан әрі таяммум соғудың да ыңғайы келе бермейтіндіктен, (таяммум соғуға мүмкіндігі болмаған адам) намазын қазаға қалдырып, кейіннен қазасын өтейді.
Жолаушы кезде қаза болған төрт рәкәғатты намаздардың қазасы екі рәкәғатқа қысқарып өтеледі.
[1] Дүрруль Мухтар
Өзекті сұрақтар
■
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
■
Пітір садақасын киім түрінде берсе бола ма?
■
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
■
Тарауих "тәспихын" айту бидғат дейді. Тарауихта тәспих айту мәселесіне қатысты дәлел бар ма?
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?