Пәтерде азан айтқанда қатты дауыс шығарып айту керек пе?
Пәтерде азан айтқанда қатты дауыс шығарып айту керек пе?
2 ай бұрын 1093

Ассаламуғалейкум! Қалалы аймақта тұрып бірақ азан естілмесе, үйде азан шақырса болама? Сосын міндетті түрде катты айту керек пе? Егер мүмкіндік болса істеген жөнбе әлде керек емес пе?

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Азан шақырғанда мешітте немесе далалы жерде (мысалы қырда қой бағып жүріп) азан айтқанда, жоғары дауыс шығарып айтқан жөн. Өйткені, мешітте азан шақырудағы мақсат – мешіт айналасындағы халықты намазға шақыру. Сондықтан да, айналасындағы мұсылман қауым естісін деп мешітте азанды барынша дауыстап айтып жатады. Далалы жерлерде де жоғары дауыспен айтқан - мұстахаб, ұнамды. Себебі хадисте: «азаншының даусын естіген жын, адам және басқа нәрселер (азанды естіген не нәрсе болсын) қиямет күні оған (азаншыға) куәлік етеді» - делінеді. («Сахих Бұхари»). Яғни, "пәленше пенде азан айтқан еді" деп о дүниеде куәлік қылады. 

Ал үйдің ішінде, мысалы, пәтерде азанды тек өзі еститіндей, не, сондағы адамдар еститіндей дауыста шақырса жеткілікті, даусын қатты шығаруы шарт емес.

Үйде азан айтылып тұрған ұнамды іс. Азан айтылған, Құран оқылған үйлерден жын-шайтандар ұзақ жүреді. Сондықтан да, мешіт алыс болып, азан естілмесе, үйде өзіңіз азан шақырып, үй ішіңізбен жамағат болып намазыңызды оқи бересіз. Ал мешіт жақын болса, онда азан айтылған тұста, ер адамдар мешітке барып оқығандары абзал. Осы тұрғыда әйел кісілер азан шақырмайды, қамат түсірмейді.

Аллаһу аъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым