Әссәләму'аләйкум ұстаз таң намазын оқып алып едім қалтамда ыдыста кішкентай үлкен нәжіс бар еді намазды қайта оқу керек пе?
|
"Намазымды қайта оқуым керек пе?" - намазға қатысты сұрақ
|
Әлхамадулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ереже бойынша, киімге немесе денеге жағылған нәжістің намазға кедергі болар көлемі - алақан ойығындай немесе қатты болса - төрт граммдай болмағы керек. Бұдан азы намазға кедергі емес делінген. Сондықтан да, көз өлшеммен шамалап өлшеп қарасаңыз қалтаңыздағы нәжістің мөлшері шамамен төрт граммнан көп болса, ол намазыңызды қайта оқуыңыз керек, намазыңыз саналмайды. Одан аз болса, намазыңыз дұрыс.
Өзекті сұрақтар
■
«Күйеуім бақилық болды. Арамыздағы некеміз сақтала ма, бұзыла ма?
■
Баланы емізсе, ораза бұзыла ма?
■
Хижамадан кейінгі қан «нәжіс» пе? Хижамадан кейін «ғұсыл» құйыну шарт па?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?