Намазды анасы мен қызы бірге жамағат болып оқи ала ма, әлде жеке-жеке оқу керек пе? Мәкрұһ болады дейді, сол рас па?
Намазды анасы мен қызы бірге жамағат болып оқи ала ма, әлде жеке-жеке оқу керек пе? Мәкрұһ болады дейді, сол рас па?
2 жыл бұрын 4671

Ассаляму алейкум! Ана мен қызы бірге бір қатарда тұрып, имамдыққа шықпай намаз оқыған болса, үкімі қандай? Мәкруһ бола ма? Егер солай оқып келген болса, намаздарды қайта оқу керек пе? Айым

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Бірі имам болып, екіншісі оған ұйып, анасы мен қызы бірге жамағат болып оқи алады, оның еш әбестігі жоқ. Бірге оқыған кезде имам боп тұрған анасы не қызы алдыға шықпай, екеуі қатар тұрады, не аз ғана ілгері тұрса болады. Ал енді «мәкруһ» болу мәселесіне келсек, кейбір Ханафи ғалымдары «мәкруһ болуы үшін, үш не одан көп әйел кісілер бірігіп оқыған болулары керек. Екі әйел кісінің бірге оқулары мәкруһ емес» деген[1]. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] «Мәжмуъатур Расаил әл-Ләкнәуи». 5\211 бет.

Абдусамат Қасым