Намазда сәлем бергеннен кейін бет сипаймыз. Сол дұрыс па?
Намазда сәлем бергеннен кейін бет сипаймыз. Сол дұрыс па?
5 жыл бұрын 11615

Әссәләмуғалейкум! Намаздан кейін: «Аллаһумма әңтәс-сәләәму уә миңкәс-сәләәм, тәбәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икраам»» дұғасынан кейін қол жайып бет сипап жатамыз. Қол жайып бет сипаған дұрыс па? Әлде олай жасамаған дұрыс па? Жасұлан Құандықұлы.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Намаздың соңында екі иыққа сәлем беріліп, артынан үш рет «астағфирулланы» айтып мына дұға оқылады:

«Аллаһуммә әнтәс сәләму уә минкәс сәләму тәбәрактә иә зәл жәләли уәл икрам»[1].

Осы сәтте қол жайып, бет сипап жатамыз. Оның еш ағаттығы жоқ. Өйткені, дұғада қол жаю – сүннет. Қол жаю - дұғаның әдептерінен. Ал, қол жайғаннан кейін бетті де сипау керек. Ол да сүннет. Алла елшісі дұға етерде алақан жайған болса, онысымен бет сипамай қолын түсірмейтін. Әзіреті Омардан жеткен хадисте, ардақты сахаба былай деген:

{كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّمَ إِذَا مَدَّ يَدَيهِ فِي الدُّعَاءِ لَمْ يَرُدَهُمَا حَتَّى يَمْسَحَ بِهِمَا وَجْهَهُ}

«Алла елшісі дұға еткенде екі қолын көтерген болса, онымен бетін сипамайынша қолдарын түсірмейтін»[2].


[1] Сахих Мүслим атты хадистер жинағы. №936 хадис.
[2] Имам Тирмизи: Сүнән. №3386 хадис; әл-Хәким: әл-Мүстәдрак. №1967 хадис.

Абдусамат Қасым