«Зухр» намазы кезінде қателесіп «фәжр» намазын оқуға ниет еттім деп қателесіп кеттім. Намазым қабыл бола ма? Дина.
|
Намазда ниеттен шатассам, не істеймін?
|
Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ!
Құрметті сауал жолдаушы, ниет деген «бір нәрсеге іштей оқталу», «бір нәрсені істеуді діттеу» деген мағынада. Сондықтан да, егер бесін намазын оқуға іштей оқталған болсаңыз, яғни, іштей бесін намазын оқуды ойлап тұрсаңыз, алайда, ауызша «таң намазын оқымаққа» деп қателесіп айтқан болсаңыз, ниетіңіз дұрыс, намазыңыз уақыты кірген «бесін» намазына есептеледі. Себебі, ниетте - ауыздағы емес, көкейдегі маңызды.
Керісінше болса: егер көкейіңізде шатасып басқа намаз оқуға оқталып тұрсаңыз, алайда аузыңызбен дұрыс айтсаңыз да, ол ниет саналмайды.
Алла ниетімізді дұрысы қылсын! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»