Намаз оқып тұрып жыласа, намаз бұзыла ма?
Намаз оқып тұрып жыласа, намаз бұзыла ма?
7 жыл бұрын 12936

Әссәләмуғалейкум! Намазда кішкене жыласа, намаз бұзылмай ма?  

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ақыретті ойлап, немесе қабір азабын яки пейіш пен тозақты ойлап жыласа, не болмаса имамның құран оқуынан әсерленіп жылаған болса,  намазы бұзылмайды. Пайғамбарымыздың да (с.а.у.) намазда жылайтын кездері болған[1].   

Алайда, басқа түскен қиындыққа қайғырып, не бойындағы сырқатты ауырсынып, яки біреуге қатты ренжіп, немесе біреуді сағынып дыбыс шығара жылаған жағдайда, намаз бұзылады. Ал, үнсіз, құр көзінен жас шықса, оған намаз бұзылмайды. Сондай-ақ, сырқаттың ауырлығынан өз-өзін ұстай алмай ыңырсуының не үһілеуінің намазға зияны жоқ. Имам Мұхаммед (р.а.) айтқан: «Жеңіл-желпі сырқат себепті намазда ыңырсыған адамның намазы бұзылады. Ал, сырқаты ауыр болғандықтан жаны күйзеліп, өз-өзін ұстай алмай ыңырсып, ыңыранса, намаз бұзылмайды»[2].


[1] Хадисте былай делінеді: «Мен Пайғамбарымызға келсем, ол намаз оқып жатыр екен. Ішінде қайнаған судың даусы іспетті еңкіл бар». (Нәсәидің сүнәні, №1214 хадис).
[2] Хашияту Ибн Ғабидин – 4/68 бет.  

Абдусамат Қасым