Намаз оқып тұрып артына қараса, намаз бұзыла ма?
Намаз оқып тұрып артына қараса, намаз бұзыла ма?
6 жыл бұрын 6284

Сәлеметсіз бе! Кеше таң намазын оқып жатып, артымда жатқан адамға қарап қалдым. Сөйтсем, ол маған қарап жатыр екен. Менің арқамнан біреу қараса, денем түршігіп, қорқып денемде ауыр бір нәрсе тұрған сияқты болып кетеді. Содан қарап қойдым артыма. Намазым бұзылды ма?  

Сәлеметсіз бе!

1) Мойныңызды бұрып қараған болсаңыз намазыңыз бұзылмайды, бірақ мәкруһ амал жасаған боласыз.

2) Кеудеңізбен бұрылып қараған болсаңыз, құбыладан ауытқығандыққа саналып, намазыңыз бұзылады. Қайта оқу керек.

3) Көз қиығыңызбен қарасаңыз, намазға зияны жоқ. Әйтсе де, абзалы намаз оқып тұрғанда айналаға көз жүгіртпей, назарыңызды сәжде жасайтын жерге қарату[1].

«Сахих Бұхари» атты хадистер жинағында келтірілген хадисте Айша анамыз былай дейді:

«Мен Пайғамбарымыздан намазда (баспен) бұрылып қарау жайында сұрағанымда, Алла елшісі (с.а.у.): «Ол – шайтанның ұрлығы. Шайтан пенденің намазынан (солай) ұрлайды» - деп, жауап берді»[2].


[1] Алиюл Қари: Мирқат. Китабус сала. №982 хадис.
[2] Сахих Бұхари – 718 хадис.

Абдусамат Қасым