Сәлеметсіздер ме! Тар жерде намаз оқыған едім алдыма сутра қоюды ұмытып кетіппін. Бір қыз мәжбүрлі түрде өтті алдымнан күнә болды ма ? Намаз бұзыла ма? Елнара.
|
«Намаз оқып тұрғанымда алдымнан адам өтсе, намазым бұзыла ма?»
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Намаз оқушының алдынан әлдекім өтсе, намазы бұзылмайды. Намазыңыз дұрыс. Ол жағдай – намазды бұзатын жағдайларға жатпайды. Біздің мәзхабта намаз оқушының алдынан кім өтсе де және не өтсе де намазы бұзылмайды. Мысалы, еркек, әйел, бала, ит, мысық т.б. Бұған байланысты Ханафи кітаптарынды былай айтылады:
«Имам Мұхаммед (рахимаһуллаһ) өзінің «әл-Жәмиъус Сағир» атты кітабында «намаз оқып тұрған ер адамның алдынан өтпекші болған әйел жайында» айтқан. Ол (р.а.) былай деген: «Намаз оқушы, алдынан өтпекші болған әйел кісіні тоқтатуға тырысады, егеряки өтіп кетіп жатқандай болса, онысы намазын бұзбақ емес»1.
Осы тұрғыда намаз оқушының алдынан (егер алдында бір зат тұрмаса) біле тұра өту – өтушіге күнә болмақ. Алайда, үлкен мешіттерде және далалы жерлерде жайнамаз көлемінен әріректен өтсе болады (шамамен бір жарым-екі метрдей). Сондай-ақ, намаз оқушы да намаз оқитыннан бұрын алдына бір зат қойып қойғаны жөн, мұны "сүтра" дейді. Әсіресе тар жерлерде алдына бір зат қоюдың маңыздылығы арта түспек. Сүтра қою арқылы адамдардың өтуіне кедергі келтірген болмайды.
1Бұрһануддин ибн Мәзә әл-Бұхари: «әл-Мұхит әл-Бұрһәни» - Намаз оқушының алдынан өту тарауы.