Намаз дұғаларының кейбірін білмесе, намаз оқуға болмай ма?
Намаз дұғаларының кейбірін білмесе, намаз оқуға болмай ма?
7 жыл бұрын 10779

Намазда кейбір дұғаларды білмесе, намаз оқуға болмай ма? Мақсат.

Құрметті Мақсат, «сахих» бір хадисте, Алла елшісіне (с.а.у.) бір адам келіп: «Уа, Расулалла! Мен Құран аяттарынан ешнәрсе жаттай алар емеспін. Құран сүресінің орнына жүретін бір нәрсе үйретші!» - деп өтінеді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у) оған былай де дейді: «Субханаллаһи уәл хамду лилләһи, уә лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбәр. Уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ»[1].

Сондықтан да, өзге дұғаларды жаттағанға шейін, білетін сүре-дұғаларыңызды оқып, намазды бастай беріңіз. Мысалы, намаз қимылдарын үйренгеннен кейін «фатиха», «кәусәр», «ықылас» сүрелері мен «әттахият» дұғасын жаттап, намазды бастай беруге болады. Бұларды оқу – намаздың уәжіптерінен[2]. Алайда, бұлармен ғана шектелмей, алдағы уақыттары намаздағы «сәнә», «салауат», «раббана» дұғаларын, рүкүға иілгенде оқылатын зікір мен сәждеге барғанда айтылатын таспихаттарды да көп ұзатпай жаттап алу керек. Одан бөлек, намаз шарттарын және намазды бұзатын жағдайларды да үйрене жүрген жөн. Алла қабыл етсін!


[1] Нәсәи - №924 хадис; Әбу Дәуід - №832 хадис.
[2] Яғни, фатиха сүресі мен қосымша сүре оқу уәжіп. Алғашқы және соңғы отырыста "әттахият" дұғасын оқу - уәжіп. Құныт дұғасының орнына "раббәнә әтинә" дұғасын айтуға рұқсат. 

Абдусамат Қасым