Мешітке кірген сайын мешіт ақысын (сәләм намазын) оқуым керек пе?
Мешітке кірген сайын мешіт ақысын (сәләм намазын) оқуым керек пе?
8 ай бұрын 3726

Ассаламуалейкум! Мешітке бір күнде әр кірген сайын сәлем намазын оқу керек пе? Бір рет оқығаным жеткілікті ме? Дәрет алуға шығып келсем, қайта оқимын ба? Йесса.

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мешікте кірген бойда, отырмай тұрып, екі рәкәғат нәпіл намазы оқылады, оны «сәләм намазы» дейді немесе қазақша «мешіт ақысы». Үкімі - мұстахаб, сауапты амал. Алла елшісі (с.а.у.) бір сөзінде: «Сендерден біреу мешітке кірген кезде, отырмастан бұрын екі рәкәғат намаз оқысын» деп кеңес еткен1. «Отырмай тұрып» делінсе де, бұл шартты түрде емес, мешітке кіргеннен соң отырып, кейін артынан оқып жатса да мешіт ақысы саналады, бастысы мәкруһ уақыты болмаған болуы керек.

Ендігі жерде күніне бірнеше рет мешітке кірсе, әр кірген сайын мешіт ақысын оқуы керек пе?

Ханафи ғалымдарымыздың айтысына қарағанда, күніне бірнеше рет мешітке кіретін кісіге мешіт ақысын бір рет оқыса жеткілікті, әр кірген сайын оқыса да артық болмайды, ұнамды саналған2.


إِذَا دَخَلَ أحَدُكُمُ المَسْجِدَ فَلْيَرْكَعْ رَكْعَتَيْنِ قَبْلَ أنْ يَجْلِسَ (Имам Бұхари, «Сахих Бұхари»).
Имам Шүрунбүләли: «Мәроқиль Фәлләх», «Сәлем» намазы.

Абдусамат Қасым