Ассаламуғалейкум! «Бәдәл қажылық» жасаумен сол мархұмның мойнынан қажылық парызы түсе ме?
|
Мархұмның атынан қажылықты өтесем, мархұмның мойнынан қажылық парызы түсе ме?
|
Уағалейкумуссәләм!
Мархұмның атынан қажылық парызын өтеген жағдайда, мархұмның мойнынан парыз түседі, сауабы да мархұмға жазылады.
Мархұмның атынан қажылық парызын өтейтін кісі:
- Миқат аумағында ихрамға кірерде «мархұмның» атынан қажылық парызын орындауды айтып былай дейді: «Пәленше ұлы Түгеншенің атынан қажылық парызын өтеу ниетімен ихрам кидім, ләббәйкаллаһумма ләббәйк!» дейді.
- Ихрамға кіргеннен кейін екі рәкәғат намаз оқып, былай деп ниет етеді: «Аллаһым! Пәленшенің атынан қажылық парызын өтеуді ниет еттім, оны маған жеңілдет және оны менен әрі пәленшенің атынан қабыл ете гөр» дейді1.
Мархұмның атынан қажылық өтеуге болады дегенге қатысты мынадай бір сахих хадисті дәлел ретінде келтіруге болады:
"Жүһәйне тайпасынан бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: "Анам қажылық жасаймын деп атаған еді (нәзір), алайда қажылық жасамай тұрып қайтыс болып кетті. Оның орнына қажылық қылсам бола ма?" деп сұрады. Сонда Алла елшісі (с.а.у.) оған: "Иә, оның атынан қажылық жаса. Ойлашы, анаңның өтелмеген дүниелік қарызы болғанда, оны өтерме едің? (Бұл да сол сияқты). Алланың қарызын өтеңдер. Алла қарызын өтеуге лайықтырақ!" деді2.
1Хәләби: «фиқһуль ғибадат аля әлмәзхәбиль ханафи». Хаж ъаниль ғайр.
2 Имам Бұхари: "Сахих Бұхари".