Лайнермен теңіз саяхатына шыққандар қайтыс болса, қалай жерленеді, әлде теңізге тастала ма?
Лайнермен теңіз саяхатына шыққандар қайтыс болса қалай жерленеді, әлде теңізге тастала ма?
|
Теңізде немесе мұхитта қайтыс болған мұсылманның денесі жуылып, кебінделіп, жаназасы оқылады. Одан соң, егер құрлық жақын болса, жағаға жеткізіліп, әдеттегідей жерлейді.
Ал, құрлық ұзақта болып, жеткізем дегенше мәйіттің денесі бұзылып кету қауіпі туындаса, немесе мұсылмандарға дұшпандығы бар діні бөлек кәпірлер (даруль харб) шегарасында болғандықтан жағаға жеткізген күннің өзінде жерлеуге мүмкіндік болмайтын болса, денеге ауыр нәрсе байланады да, құбылаға қарап, оң жағымен теңізге тасталады[1]. (Кей мәліметтерде, мұсылман жұртшылығына жақын теңіздерде, мұсылмандар жерлейді деген үмітпен, мәйітті екі ағашқа мықтылап байлап суға жіберіледі делінген, бұл мұсылман елінің шегарасында болғандағы жағдайға қатысты).
Әйтсе де, бүгінде арнайы мәйітханасы (морг) бар заманауи лайнерлерде бұл жағдай мәселе болудан қалған. Қазіргі таңда қайтыс болғандардың денесін мәйітханаға қойып, жақын арадағы портқа жеткенше денесін сақтау мүмкіндігі қарастырылған.
[1] Әл-Фәтәуә әл-Һиндия – 1/175 бет.