Күйеуім «үш талақ» деді, бұл талаққа жата ма? Неке бұзылды ма?
Күйеуім «үш талақ» деді, бұл талаққа жата ма? Неке бұзылды ма?
5 күн бұрын 1449

Сәлеметсіздер ме! Күйеуім «үш талақ» деп айтты, одан басқа сөз қолданбады. Содан бері бірге тұрып жатырмыз.

Сәлеметсіз бе!

Жай «үш талақ» деп қана айтқан сөзі талақты білдірмейді. Ханафи мәзхабында талақ болып есептелу үшін «сені талақ еттім» немесе «саған үш талағымды бердім», яки, «әйелімді талақ еттім» деген сияқты әйеліне қарата айтылған сөздерді қолданып ашық, анық нақты айтылған болуы керек. Ал құр ғана «үш талақ» деуі немесе «талақ талақ талақ» дей салуы, ол талаққа жатпайды. Сондықтан да, некелеріңіз бар деуге негіз бар!1 Аллаһу аъләм!


1Десе де, кейбір Ханафи ғалымдары олай айтқан күннің өзінде "ниетке қарай үкімі" деген. Бірақ дұрысырағы "талақ боп есептелмеуі" деседі: Абдуррахман әл-Жәзири: "әл-Фиқһ аляль мәзәһибиль арбаға" - Китабут талақ, кинәятут талақ.

Абдусамат Қасым