Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Сұрағым бар еді. Күйеуі оқып тұрған намазға әйелі келіп ұйыса намазы бұзылады дейді. Осы рас па? Рас болса, дәлелімен керек. Бек.
Күйеуі намаз оқып тұрғанда әйелі келіп ұйыса, намазы бұзыла ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Күйеуі парыз намазын оқып тұрған кезде әйелі келіп ұйыса, намаздары дұрыс. Күйеуінің әйеліне имамдық ететіндігіне ниет етуі шарт емес. Ханафи мәзхабында дұрыс деп қабыл етілген пәтуа осы.
Намаз қашан бұзылады? Егер, кейін келіп ұйыған әйелі күйеуімен қатар тұрып қалып, өкшесі ерінің өкшесімен тұспа-тұс келіп қалса, сол кезде намаз бұзылады. Онда да, бұл жағдайда күйеуі әйеліне имамдық ететіндігіне ниет еткен болуы керек. Дегенмен, сол сәтте (үш рет сүбханаАлла айтатындай уақыт өтпей) әйелі бірден аздап артқа шегініп үлгерсе, немесе ері артқа шегінуін ишарамен білдіріп, әйелі аздап артқа шегінсе, намаздары дұрыс[1].
[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр. 2/318 бет.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?
■
Темекіге жіберсе, баруға бола ма?
■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ