Жұмыста намаздың сүннетін оқымай, парызын ғана оқысақ бола ма?
Жұмыста намаздың сүннетін оқымай, парызын ғана оқысақ бола ма?
4 жыл бұрын 19597

Менде сұрақ бар еді. Кейде жұмыста жүріп намаздың тек парызын ғана оқитын кездеріміз болады. Сүннеті оқылмай қалып жатады. Сол күнә бола ма?

Құрметті сұрақ қоюшы, сүннет намаздарын оқудың маңызы зор. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннет намаздарды тастамай оқып, бізге солай бекітіп кетуі бекер емес. Сондықтан да, сүннет намаздарын барынша қалдырмай оқып жүру керек. Бірақ кейде жұмыс кезінде уақыттың тығыздығынан немесе басқалай кедергілер себепті намазды толық оқуға мүмкіндік болмай жататын кездер туындауы мүмкін. Ондайда тым болмағанда парызын уақтылы оқып алған дұрыс. "Екі зарар қатар келгенде - ең жеңілі таңдалады" деген қағида бар. Яғни, уақыттың тығыздылығы себепті немесе жұмыстағы кедергі себепті мүлдем оқымай қазаға қалдырғаннан гөрі, тек парызын болса да уақтылы оқып алған дұрысырақ. Ал, жай уақыттарда және мүмкіндік бар кездерде болса, сүннетті қалдырмай оқыған жөн. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым