Жұмаға бармаған адам бесінді жұма намазы аяқталғаннан соң оқуы керек пе?
Жұмаға бармаған адам бесінді жұма намазы аяқталғаннан соң оқуы керек пе?
7 жыл бұрын 14029

Әссәләмуғалейкум! Менің сіздерге қоятын сұрағым бар еді. Егер, мен жұма намазына белгілі бір себептермен бара алмай, бесін намазын уақыты кіргеннен кейін, жұма намазы басталмай тұрып, өзім оқи берсем бола ма? Және қайсысы абзалырақ? Мешітте жұма намазы оқылып болғаннан кейін бесін намазын оқу ма, әлде айырмашылығы жоқ па? Абылай 

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жұма намазына бір үзір себепті бара алмаған кісі бесін намазын мешіттегі жұма намазы аяқталғанға шейін кешеуілдеткені абзал. Әйтсе де, жұманың аяқталғанын күтпей, одан бұрын оқи берсе де намазы саналады.  Намаз уақыты кірсе болғаны.

Сондай-ақ, ешқандай кедергісіз жұма намазына бармаған кісіге де мешіттегі жұма намаздың аяқталуын күтуі шарт емес. Одан бұрын оқыса да намазы дұрыс. Бірақ, үзірсіз жұмадан қалғаны үшін күнә жазылады. Алда-жалда жұма намазы аяқталмай жатып мешітке баруды ұйғарса, барған мезетте имамға үлгерген жерден ілесіп жамағатпен жұма намазын оқиды, ал, ол барам дегенше, жұманың парызы аяқталып қойған жағдайда алдын-ала оқыған бесінді қайта оқуы керек. Өйткені, жұма үшін мешітке аттануымен оқыған бесіні нәпіл намазға саналып кетеді.    

Абдусамат Қасым