Жұмада екі құтпа арасында дұға етілгенде қол жайылмайды деген рас па?
Жұмада екі құтпа арасында дұға етілгенде қол жайылмайды деген рас па?
8 ай бұрын 3672

Жұмада екі құтпа арасында дұға етілгенде қол жайылмайды деген рас па?

Бисмилләһир рахманир рахим

Жұма күні имам құтпа оқуға шыққаннан кейін, жамағат құтпаны тыңдап отыруға міндетті. Құтпа кезінде сөйлеуге, бір нәрсені шұқылап отыруға, намаз оқуға, біреуге бір нәрсе түсіндіруге, сәлемге жауап беруге, телефон шұқылауға, тіпті жұма құтпасы оқылып жатқанда зікір-тәспихат айтып отыруға да болмайды делінген кітаптарда1. Ал екі құтпа арасында дұға-тілек жасалған кезде әдеттегідей қол жайылмайды, тек іштей дұға тілек тілеп отырса болады. Екі құтпа арасында дұға еткенде қол жаю мәкруһ2. 

Екі құтпа арасында неге қол жаюға болмайды? - десеңіз, пайғамбарымыз мінбеде хұтба оқығанда қол жайып дұға жасамайтын3. Сондықтан да, Ханафи, Шафиғи және Мәлики мәзхабтарында хұтбада қол жайып, дұға етілмейді. Ханафи ғалымы Бәдруддин әл-Айни рахимаһуллаһтың бұған байланысты: «Хұтбада сүннет болған - (қолды) көтермеу» дегендігі кітаптарында келтірілген4. Қолды көтермеу дегені қазақша «дұға жасағанда екі қолды көтеріп қол жаймау» деген мағынада. 

Абдусамат Қасым


Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3\35 бет.
Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3\35 бет.
عن سهل بن سعد، قال: " ما رأيت رسول الله صلى الله عليه وسلم شاهرا يديه قط يدعو على منبره، ولا على غيره، ولكن رأيته، يقول: هكذا، وأشار بالسبابة وعقد الوسطى بالإبهام (Әбу Дәуід: «Сүнән», №1105.).
Бәдруддин әл-Айни: «Шарху сүнәни Әбу Дәуід».