Жұма күні мешітке келгенде зәуәл уақыты болса да «мешіт ақысы» (сәлем намазы) оқыла ма?
Жұма күні мешітке келгенде зәуәл уақыты болса да «мешіт ақысы» (сәлем намазы) оқыла ма?
3 жыл бұрын 11205

Ассаләмуғалейкум! Жұма намазында уақытында күн төбеде тұрған кезде мешітке кірер кезде сәлем намазы оқыла ма? Ғалым.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Күн тас төбеге келген сәтті шариғатта «зәуәл уақыты» дейді (шамамен бесінге дейін 15 минуттық сәт, не одан көптеу, не одан аз бір сәт). Бұл зәуәл уақыты кірген уақытта бесінге дейін ешқандай намаз оқуға болмайды, мейлі қаза намазы болсын, мейлі нәпіл намазы болсын. Сол себепті, Ханафи мәзхабында, Жұма күні зәуәл уақыты кіргенде екі рәкәғаттық мешіт ақысын оқуға болмайды. Бірақ Имам Әбу Юсуф (р.а.) кейбір риуаяттарға қарай отырып "жай күндері зәуәл уақытында оқуға болмайды, ал жұма күні зәуәл уақытында мешіт ақысын оқуға болады" деп, жұма күні зәуәл уақыты болса да мешітке келген кісінің «мешіт ақысын» оқуын абзал санаған. Дегенмен, Ханафи мәзхабында қабыл етілген пәтуа - жұма күні болса да, зәуәл уақытында сәләм намазы оқылмайтындығы жөнінде[1].


[1] Имам Кәсәни: «Бәдәиъуссанаиъ».

Абдусамат Қасым