Жұма күні жұмаға бара алмай қалған кісі, бесінді жамағатпен оқыса бола ма?
Жұма күні жұмаға бара алмай қалған кісі, бесінді жамағатпен оқыса бола ма?
6 жыл бұрын 7901 Фото: Ummet.kz

Жұма күні  жұма намазына қатыса алмай қалған жағдайда, бесін намазы жамағатпен емес, жеке оқылады деп естідім. Сол қаншалықты рас? Сәбит.  

Жұмаға себепсіз бармау күнә. Ал, бір жағдайлармен жұмаға бара алмай қалған адам (мысалы, сырқаттанып), оның орнына бесін намазын оқиды және жамағатпен емес, жеке оқиды. Бұл үкім – жұма оқылатын қала немесе қала үкіміндегі ауыл тұрғынына қатысты. Ал, жұма намазы оқылмайтын шағын ауылдарда бесінді жамағатпен оқи беруге болады. Бұған қатысты Әзіреті Әли былай деген:  

Жұма күні жұма намазын оқу парыз болған мекенде адамдар бесін намазын жамағатпен оқымайды»[1]

Естеріңізге сала кетсек, жұма намазының дұрыс болу шарттарының бірі – қала немесе қала үкіміндегі ауыл болуы керек. Шағын ауылдарда жұма намазы оқылмайды. Оның орнына бесін намазы оқылады. 

Жұма мүбарак болсын! 


[1] Алә’уддин Али әл-Муттақи ибн Хисамуддин әл-Һинди, «Кәнзуль Ъуммәл», №23309 хадис. 

Абдусамат Қасым