Жұма күні жұма намазына қатыса алмай қалған жағдайда, бесін намазы жамағатпен емес, жеке оқылады деп естідім. Сол қаншалықты рас? Сәбит.
|
Жұма күні жұмаға бара алмай қалған кісі, бесінді жамағатпен оқыса бола ма?
|
Жұмаға себепсіз бармау күнә. Ал, бір жағдайлармен жұмаға бара алмай қалған адам (мысалы, сырқаттанып), оның орнына бесін намазын оқиды және жамағатпен емес, жеке оқиды. Бұл үкім – жұма оқылатын қала немесе қала үкіміндегі ауыл тұрғынына қатысты. Ал, жұма намазы оқылмайтын шағын ауылдарда бесінді жамағатпен оқи беруге болады. Бұған қатысты Әзіреті Әли былай деген:
Жұма күні жұма намазын оқу парыз болған мекенде адамдар бесін намазын жамағатпен оқымайды»[1]
Естеріңізге сала кетсек, жұма намазының дұрыс болу шарттарының бірі – қала немесе қала үкіміндегі ауыл болуы керек. Шағын ауылдарда жұма намазы оқылмайды. Оның орнына бесін намазы оқылады.
Жұма мүбарак болсын!
[1] Алә’уддин Али әл-Муттақи ибн Хисамуддин әл-Һинди, «Кәнзуль Ъуммәл», №23309 хадис.