Әссәләмуғалейкум! Жұма күні дұғамыз қабыл болатын сәттің қай сәт екенін айтып жіберсеңіз!
Жұма күнгі дұға қабыл болатын уақыт қай сәтке тура келеді?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ханафи мәзхабы ғұламаларының тоқтамы бойынша, жұма күнгі дұға қабыл болатын сәт - асыр намазының уақыты кіргеннен басталады. Яғни, екінті уақыты кіргеннен бастап, күн батқанға шейінгі аралық – дұға қабыл болатын уақыт деседі ғалымдар[1]. Бұл мына хадиске сүйенеді:
Сахаба Әнәс ибн Мәликтен жеткен хадисте Алла елшісі Мұхаммед ғалейһиссәләм былай деген:
الْتَمِسُوا السَّاعَةَ الَّتِي تُرْجَى فِي يَوْمِ الْجُمُعَةِ بَعْدَ الْعَصْرِ إِلَى غَيْبُوبَةِ الشَّمْسِ
"Жұма күні (дұға қабыл болады деп) үміт етілетін сәтті екінті уақытынан бастап, күн батқанға дейінгі аралықта іздеңдер!"[2] .
[1] Ибн Нүжейм: әл-Әшбәһ уән Назаир.
[2] Имам Тирмизи: Сүнән.
Өзекті сұрақтар