Сіңілім аяғы ауыр екен зиярат басына баруға болама дейді.
Жүкті әйелдердің зират басына баруларына бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Құрметті сауал жолдаушы, аяғы ауыр әйел кісінің зиратқа баруына болмайды деген наным өзге ұлттарда да кездеседі. Мұндағы мақсат - аяғы ауыр әйел кісілер сезімтал болатындықтан жақынының қабіріне барғанда көз жасына ерік беріп, ауырсынып қалмасын дегендік болса керек. Дегенмен, төл дініміз Ислам дінінде ондай наным жоқ. Егер барғысы келсе жүкті әйел кісілер де зират басына бара алады. Дінімізде оған қатысты тыйым жоқ.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?