Жолаушы кезде көлікте отырып оқыған намазды кейіннен қазасын қайта оқу керек пе?
Жолаушы кезде көлікте отырып оқыған намазды кейіннен қазасын қайта оқу керек пе?
7 ай бұрын 3498

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Ұстаз, ишарамен (сапарда) оқылған намаз, үйге барғанда қарыз ретінде өтеледі ме? Мақсат.

Әлхамдулилләһ. Уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Көлікпен жолаушылап бара жатқан адам көлікті тоқтатып намазын әдеттегідей тұрып оқуға мүмкіндігі болмаған кездерінде, көлікте орындықта отырған күйі ишарамен оқиды. Оның олай оқыған намазы дұрыс болып есептеледі және кейіннен қазасын өтеудің қажеті жоқ. Мысалы, автобуста, поезда немесе ұшақта жолаушылап бара жатқан адам көлікті тоқтата алмайтындықтан немесе әдеттегідей тұрып оқи алмайтындықтан, орындықта отырған күйі оқи береді. Ондайда орындықта отырған күйі рукуға иіледі, сәждені мүмкін болса, одан көбірек иіліп орындайды. Поездағы жолаушы кісілер әдетте койкасында отырып оқиды - аттахият отырысында отырған кейіпте отырады да рукуға барарда рукуға иіліп, сәждені әдеттегідей жасайды. Амалдап тамбурда оқитындар да бар. Құдай қаласа, болашақта әр вагонда намаз оқуға арналған бөлек бір купе болады деген үміттеміз. 

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым