Исламды қабылдағанға дейінгі намаздардың қазасын өтеу керек пе?
Исламды қабылдағанға дейінгі намаздардың қазасын өтеу керек пе?
1 сағат бұрын 20

Ассаламуғалейкум! Егер адам Исламды қабылдамай тұрып-ақ намаз оқу керектігін біліп, түсініп жүрген болса, кейін оны қабылдаған соң сол намаздардың қазасын өтеуі керек пе?

Исламды қабылдаған адамға оған дейінгі намаздары мен оразаларының қазасын өтеу міндеттелмейді. Өйткені Исламға дейінгі күнәлары – Исламды қабылдағаннан кейін кешіріледі. Бұған байланысты Құранда былай делінген:

«(Уа, Мұхаммед!) Кәпір болғандарға айт: егер олар (күпірліктерін) қойса, өткен (күнәлары) кешіріледі».
(«Әнфәл» сүресі, 38-аят).

Абдусамат Қасым