Имам рүкүғдан бас көтергенде "раббәнә ләкәл хамд" деп айта ма?
Имам рүкүғдан бас көтергенде "раббәнә ләкәл хамд" деп айта ма?
17 күн бұрын 2372

Ассаламуалейкум! Сұрақ: Имам рүкуғтан тіктелген кезде "Раббәнә уә ләкәл-хамд"  дұғасын іштей айта ма, әлде жамағат қана айта ма? Дәулетбай.

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

1) Намазда имам болып тұрған кісі рүкуғдан бас көтерерде «сәмиъаллаһу лимән хамидәһ» деп айтумен шектеледі, қосымша «раббәна ләкәл хамд» дұғасын айтпайды.

2) Ұйып тұрған жамағат болса, керісінше «сәмиъалланы» айтпайды, «раббәнә ләкәл хамд» дұғасын айтады.

3) Жалғыз оқыған кісі – екеуін де айтады. 

Осы тұрғыда «раббәнә ләкәл хамд» (немесе раббәнә уә ләкәл хамд) дұғасын имамның да айтқаны абзал дейтін Ханафи ғалымдары бар. Олай деушілер – Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед және кейінгі буын Ханафи ғалымдарының бірсыпырасы[1]. Сондықтан да, имам кісі «раббәнә ләкәл хамд» деп айтып қойған болса, намазға зияны жоқ.


[1] Абдульғани әл-Мәйдәни: «Лүбәб». 1/82 бет.

Абдусамат Қасым