Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
3 күн бұрын 706

Әссәләму алейкумИмам рукуғта тұрғанда кешігіп келген адамның рукуғқа үлгеруі үшін рукуғты созуына бола ма?

Бисмилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Бұл мәселеге қатысты Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.): «Имам рүкуғда тұрғанда артында келушінің тәпішкесінің дыбысы естілсе, имам оны күтпейді, рия болу қауіпі бар» деген. Оның шәкірті Имам Мұхаммед (р.а.) те "ондай кезде имам күтпейді" дейді.

Кей ғалымдар ондай жағдайда «келуші бай адам болса, имам күтпейді, ал кедей болса, күтеді» деген де пікір айтқан.

«Имам келушіні танитын болса күтпейді, ал танымайтын болса күтсе болады» немесе «кешігіп келуші адам әдетте жамағаттан қалмайтын мұсылман болса, оны күтуге болады» дейтін де пәтуалар кездеседі1.

Ханафи мәзхабында, Әбу Ханифаның тоқтамы негізге алынған. Сондықтан да, намазда имам боп тұрған кісі, рүкуға барған заматта кешігіп келушілерді сезсе, олар үлгерсін деген ниетпен рүкуғын созбайды, өз тәртібіне сай оқып жалғастыра береді. Ал кешігіп келген кісі келген жерінен ұйып, намаз соңында жіберіп алған рәкәғаттарын өзінше тәмәмдайды. 

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1  Әбу Бәкір ибн Али әз-Зүбәйди: «Жәуһәрәтун нира». Намаз тарауы. Намаз оқу тәртібі.

Абдусамат Қасым