Ихрам киіп умра жасап болып, шаш алдыруды ұмытып бір сәтке ихрамды шешіп, күнделікті киім киіп қойса үкімі қалай болады? Киімді киіп, бір сәттен соң (30 секунд) еске түсіп шаш алдырдым.
|
Ихрамнан шығарда шашын алмай киім киіп қойса, кәфәраты не болмақ?
|
Ханафи мәзхабы бойынша, қажылық рәсімін аяқтап ихрамнан шығатын адам шашын алып немесе қысқартып, сосын ихрамын шешеді. Мұны "ихрамнан шығу" дейді. Ихрамнан шығарда шашын алу, не, қысқарту уәжіп.
Ал егер ихрамнан шығар кезде шашын алмай, кәдімгі күнделікті киімдерін киіп қойған кісі «ихрам айыбын» істеген болып, кәффарат өтеуі керек, яғни:
- Егер күндіз толық немесе бір түн толық киген болса, бір қой (не ешкі) құрбан шалуы тиіс.
- Ал бір күн немесе бір түннен аз уақыт киіп жүрген болса (мысалы, жарты күн немесе жарты түн, не, одан аз) онда бір пітір садақаның көлеміндей садақа беруі жеткілікті.
- Осы тұрғыда аталмыш қателікті ұмытып немесе қателікпен яки зорлықпен істеген болуы үкімді өзгертпейді1.
Сондықтан да, сіздің жағдайда садақа беруіңіз жеткілікті, умраңыз есептеледі.
Аллаһу аъләм! Әлхамдулилләһи Раббил аләмин!
1 Имам Кәсәни: «Бәдәиъус санаиъу»,
Өзекті сұрақтар
■
Баланы емізсе, ораза бұзыла ма?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?