Ассаламу алейкум, ұстаз! Асыр намазын оқып болғанда шам намазы кіріп қойғанынан сегіз минут өтіп кетсе, қайта қазасын өтеу керек пе?
|
Екінті намазын уақыты шығып кеткеннен кейін оқыппын. Қайта оқимын ба?
|
Уағалейкумуссәләм!
Сауалыңызды екі жағдайға бөліп қарау керек:
- Ақшам намазы кірмей тұрып асырды бастап үлгерсеңіз, оқу барысында уақыты шығып кетсе де намаз уақтылы оқылған болып есептеледі, қайта оқудың қажеті жоқ, бірақ екінтіні соншалықты кешіктіру тахриман мәкруһ болып есептелетінін де білгеніңіз жөн. (Алайда мәкруһ уақыты болса да оқу керек, қазаға қалдырғаннан жақсы).
- Екінші жағдай – Ақшамның уақыты кіріп қойғаннан кейін, «уақыт шықпады екен» деп асырға ниет етіп оқыған болсаңыз. Бұл жағдайда да намазыңызды қайта оқудың қажеті жоқ. Өйткені, ақшам уақыты кіргеннен кейін оқығандықтан, асырдың қазасын өтеген болдыңыз, ниетіңіз «қазаны өтеу болмаса да» зияны жоқ.
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»