Екінті намазын уақыты шығып кеткеннен кейін оқыппын. Қайта оқимын ба?
Екінті намазын уақыты шығып кеткеннен кейін оқыппын. Қайта оқимын ба?
5 сағат бұрын 175

Ассаламу алейкум, ұстаз! Асыр намазын оқып болғанда шам намазы кіріп қойғанынан сегіз минут өтіп кетсе, қайта қазасын өтеу керек пе?

Уағалейкумуссәләм!

Сауалыңызды екі жағдайға бөліп қарау керек:

  • Ақшам намазы кірмей тұрып асырды бастап үлгерсеңіз, оқу барысында уақыты шығып кетсе де намаз уақтылы оқылған болып есептеледі, қайта оқудың қажеті жоқ, бірақ екінтіні соншалықты кешіктіру тахриман мәкруһ болып есептелетінін де білгеніңіз жөн. (Алайда мәкруһ уақыты болса да оқу керек, қазаға қалдырғаннан жақсы).
  • Екінші жағдай – Ақшамның уақыты кіріп қойғаннан кейін, «уақыт шықпады екен» деп асырға ниет етіп оқыған болсаңыз. Бұл жағдайда да намазыңызды қайта оқудың қажеті жоқ. Өйткені, ақшам уақыты кіргеннен кейін оқығандықтан, асырдың қазасын өтеген болдыңыз, ниетіңіз «қазаны өтеу болмаса да» зияны жоқ.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

 

Абдусамат Қасым