Ассаламуғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Мен намазымды үйде 2 күн құбылаға қарамай оқыппын «мен білмедім) сол намаз қаза болып кетеді ме, әлде санала береді ме?
"Екі күн намазымды теріс жаққа қарап оқып жүріппін, намаздарымды қайта оқимын ба?"
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құбыланы таппаған кісі сұрайтын адам болса, сұрап білуі тиіс, сұрайтын адам болмаса, өз бетінше топшылап анықтауға тырысады, одан кейін топшылаған жағына қарап оқи береді. Кейін топшылаған жағы құбыла болмай шықса да намазы дұрыс, өйткені қолдан келгенше анықтауға тырысты. Ал сұрайтын адам болса да сұрамаса немесе өз күшімен анықтауға тырыспаса, кез-келген жаққа қарап оқи салса және кейін беттеген жөні құбыла емес екендігі анықталса, намазын қайта оқуы керек, уақыт шығып кетсе, қазасын өтеуі тиіс1. Сіздің де жағдайды осы ережеге сай қарауға болады: егер құбыланы сұрастырып немесе өз бетіңізше анықтауға тырысып, сосын "құбыла жақ осы болу керек" деп топшыласаңыз, артынан топшылауыңыз қате болса да намаздарыңыз дұрыс, қайта оқудың қажеті жоқ, өйткені, анықтауға тырысып, белгілі ыждығат таныттыңыз. Ал ыждығаттылық танытпай, сұрайтын адам болса да сұрамай, кез-келген жаққа қарап оқи салсаңыз, ол кезде намаздарыңызды қайта оқуыңыз керек.
1 Имам Маусули: «Ихтияр ли тәълилиль мұхтәр».