Дәрет қысып тұрса, бірақ намаз уақыты да шығуға таяп қалса, оқи беруге бола ма?
Дәрет қысып тұрса, бірақ намаз уақыты да шығуға таяп қалса, оқи беруге бола ма?
4 жыл бұрын 17891

Әссәләму алейкум! Намаз уакыты шығайын деп тұрса, бірақ кіші дәрет қышаса, нестеу керек? Дәрет сындырып келіп оқу керек пе? Абдулла.  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Дәрет қышап тұрғанда намаз оқу – мәкруһ. Өйткені, Алла елшісі (с.а.у.) өзінің бір хадисінде былай деген:

«Аллаға және ақырет күнінен сенген әлдебіреудің жеңілденбей, қысылып тұрып намаз оқуы халал емес»[1].

Әйтсе де, намаз уақытының шығуынан қауіптенсе, сол күйінше оқуына болады. Себебі, қысылып тұрып намаз оқу – мәкруһ, ал намазды қаза ету – харам. Ондай кезде әуелі харамның алдын алу жолын қарастырады[2].

Ал, намаз уақытының шығып кету қауіпі болмаса немесе жамағатпен оқуды жіберіп алу қауіпі болмаса, дәрет жаңалап жеңілденіп келіп намазға бастағаны дұрыс. Тіпті, ондай кезде намаз ішінде дәрет қысса, намазын бұзып, дәрет жаңалап келуі мұстахаб (ұнамды) саналған.


[1] Имам Әбу Дәуід: «Сүнән». (91).
[2] Имам Шүрунбүләли: «Имдәд». 364 бет.

Абдусамат Қасым