Бірнеше мәйітке бір жаназа намазын оқыса бола ма?
|
Бірнеше мәйітке бір жаназа намаз оқыса бола ма?
|
Бірнеше мәйіттің әрқайсысының жаназасын жеке-жеке оқыған абзалырақ. Бірақ бәріне бір жаназа намазын оқыса да қате емес. Ол кезде мәйіттерді бір қатарға қойса болады немесе құбыла жаққа бірінің артынан бірін қоюға болады. Егер мәйіттер еркек пен әйел болса, имамның алдына бірінші ер адамның мәйіті қойылады, одан кейін әйелдің мәйіті қойылады. Риуаяттарға қарағанда Әзіреті Омардың жары Умму Күлсум мен баласы Зәйд ибн Омар қайтыс болғанда, Абдулла ибн Омар әуелі Зәйд ибн Омардың мәйітін алдына қояды, одан кейінгі қатарға Умму Күлсумның мәйітін қойып, солай жаназаларын шығарған екен[1].
[1] Имам Сарахси: «әл-Мәбсут». 2/65 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Ваннаға «су толтырып» ғұсылданса, ғұсыл санала ма?
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?
■
Жатыр түтігін байлату: шариғат бұған не дейді?