Бақилық болған әкемнің атынан «умра қажылығын» жасай аламын ба?
Бақилық болған әкемнің атынан «умра қажылығын» жасай аламын ба?
15 сағат бұрын 240

Қайтыс болған әкемнің атынан умра жасайын деп едім, оның қандай шарттары бар?

Әлхамдулилләһ, уассаләту уәссәләму аля расулилләһ.

Қажылық парызын өтеуге шамасы жете тұра қажылыққа бармаған кісі, қайтыс болар алдында дүниесінің үште бірін табыстап, оның атынан қажылық парызын өтеп келуге адам жіберуді өсиет қылып қалдыруы керек. Сондай-ақ, жазылмайтын сырқатпен ауыратын т.б. сол сияқты қажылық парызын өтеуге қауқарсыз мұсылман да өзгені өзінің атынан қажылық парызын өтеп келуге жіберуіне болады.

Ата-ананы атынан қажылық

Ата-анасы өсиет қалдырмаса да, балалары мархұм болған ата-анасының атынан қажылық парызын немесе умра қажылығын өтей алады. Ол ихрам киетін кезде «Аллаһым қажылық ғибадатын өтеуге ниет еттім, оны маған жеңілдет, әрі менен және әкемнен қабыл ет» деп ниет етсе болады. Немесе «әкемнің атынан орындамақ болған мына қажылығымды қабыл ет, маған оны жеңілдет» десе де болады.

Дүние салған ата-анасының атынан қажылық, не, умра жасаудың сауабы үлкен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірнеше хадисінде оның артықшылығын айтып өткен. Соның бірінде былай дейді:

«إذَا حَجَّ الرَّجُلُ عَنْ وَالِدَيْهِ تُقْبَلُ مِنْهُ وَمِنْهُمَا، وَاسْتَبْشَرَتْ أَرْوَاحُهُمَا، وَكُتِبَ عِنْدَ اللَّهِ بَرًّا» رَوَى ذَلِكَ كُلَّهُ الدَّارَقُطْنِيّ

«Ер адам әке-шешесінің атынан қажылық жасаған кезде, одан да, әке-шешесінен де қабыл болады. Сосын еккеуінің (ата-анасының) рухтары шаттанады және ол (қажылық жасаушы бала) Алланың құзырында изгілердің қатарынан деп жазылады»1.


1  Даруқұтни, «Сүнән».

Абдусамат Қасым