Азаншы «ассалату хайрум минән наум» дегенде естіген адам не айтуы керек?
Азаншы «ассалату хайрум минән наум» дегенде естіген адам не айтуы керек?
10 жыл бұрын 13479

Әссәләмуғалейкум! Таң намазындағы азанды қайталағанда «Ассаляту хайрум-минан Наум» деген жерінде біз (тыңдаушы) не айтуымыз керек? Марат

Уағалейкум ассалам! Құрметті Марат, әуелі мынаны айта кету керек, азанды естіген адамға мейлі Құран оқып отырғанда болсын, мейлі дәріс беріп жатқанда болсын, тіпті жүріп бара жатқан кезде тоқтап, айтылып жатқан азанға құлақ түріп, ондағы сөздерді іштей қайталауы тиіс. Бұл мәселені фиһқ тілінде «Ижәбәтул Мү'әззин» дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Қашан шақыруды (азанды) естіген болсаңдар, азаншының дегенін сендер де (қайталап) айтыңдар», - деп бұйырған [Ән-Нәсәи: Китабул Әзән – №673 хадис]. Осы және өзге де хадистерге қарай отырып, Ханафи ғалымдарының бірсыпырасы: «Естіген адамға азан сөзін қайталау – уәжіп» - десе, кейбірі азан сөзін қайталауды мүстахаб деген. Бірақ, азан айтылып жатқанда мүмкіндігінше өзге әрекеттерді тоқтатып, азан сөздерін іштей қайталаған жөн.

Енді негізгі сұраққа келелік. Азаншы «хайә ъаләс сала, хайә ъаләл фәләх» дегенде естіген адам іштей «Хауқаләні» айтады, яғни мына дұғаны айтады: «Лә хәулә уә лә қууәтә иллә билләһ». Ал, таң намазының азанында «ассаләту хайрум минән наум» делінгенде, естіген адам «Садақтә уә бәриртә» деп айтады. Қазақша мағынасы: «Рас айттың, игілік жасадың».  Азанның қалған сөздерін сол күйінше қайталайды. [Шурнбуләли:Имдәдуль Фаттах - 223 бет].

 

Абдусамат Қасым