Ваннаны толтырып түссе, ғұсыл алған болып санала ма?
Ваннаны толтырып түссе, ғұсыл алған болып санала ма?
3 жыл бұрын 7976

Ассаламуғалайкум! Жүніп кезде ғұсыл алатын болып, ваннаны толтырып, ең бірінші нәжістен тазарып, ауыз-мұрынды 3 рет шайып, сосын ванна толы суға түсіп шықсам, ғұсылға жата ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шариғатта «қолданылған су» деген түсінік бар. Оның арабшасы «әл-мә’у әл-мүстәъмәл». «Қолданылған сумен» дәрет алуға және ғұсыл құйынуға болмайды. Имам Мұхаммедтің (р.а.) сөзімен айтқанда: «Таза, бірақ тазалаушы емес»[1]. (طَاهِرٌ غَيْرُ مُطَهِّرٍ).

«Қолданылған су» деп, дәретсіз кісінің дәретте және ғұсылы жоқ кісінің ғұсылда қолданылған суды айтамыз. Бұнымен қатар, дәреті мен ғұсылы бола тұра әлдебір құлшылық ниетімен пайдаланған су да «қолданылған су» үкімін алады, мысалы, тамақтан алдын қол жуса, жуған суы «қолданылған су» үкімін алады, қолды жуған сумен дәрет алынбайды т.б.[2].

Қолданылған су үкіміндегі су – таза болғанымен, бойды дәретсіздіктен және ғұсылсыздықтан тазартушы емес, сол себепті, ондай сулар дәретке де, ғұсылға да жарамайды.

Ендеше, ереже бойынша ғұсылы жоқ кісінің ваннаға су толтырып түсуі - ондағы судың «қолданылған су» үкімін алуына әкеп соғады. Сол себепті айтарым: ғұсыл жоқ кезде ваннаға су толтырып түсетін болсаңыз, оның ағаттығы жоқ, тек ғұсыл толық болуы үшін артынан суды ағызып жіберіп, таза сумен бүкіл денені бір рет шайып алғаныңыз дұрыс.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Абдуррахман Шәйхызаде: «Мәжмаъуль Әнһур».
[2] Ибн Нүжейм: «әл-Бахрур Роиқ»; Бәдруддин әл-Айни: «әл-Биная Шәрхуль Һидая».

Абдусамат Қасым