Түйенің етін жеген адамға дәрет жаңалау керек пе?
Түйенің етін жеген адамға дәрет жаңалау керек пе?
6 жыл бұрын 17156

Түйенің етін жегеннен кейін дәрет алу шарт па?

Ислам ғұламаларының басым көпшілігінің тұжырымы бойынша, түйенің етін жеген адамға дәрет алу шарт емес.  Бұл - Әзіреті Әбу Бәкір, Әзіреті Омар, Әзіреті Осман және Әлидің пәтуасы. Сондай-ақ, Абдулла ибн Мәсғуд, Әбу ибн Кәъб, Абдулла ибн Аббас, Әбу Дәрда, Әбу Талха, Амир ибн Рабиъа, Әбу Үмәмә сынды  ардақты сахабалар да әлгіндей тұжырымдаған (Алла баршасынан разы болғай)[1].

Төрт мәзхаб ішінен Ханафи, Мәлики және Шафиғи мәзхабтарында да үкім осы[2].

Ал, хадистегі: «түйенің етін жеген жағдайда дәрет алыңдар»[3] дегендегі «тәуаддә’у» сөзі – ауыз бен қолды жууды білдіреді дейді кей ғалымдар. Яғни, түйенің етін жегеннен кейін ауыз шайып, қолды жуу керек деген сөз.  

Оның үстіне, аталмыш хадистің үкімінің жойылғандығын айтқандар да бар. Олай болған жағдайда, хадистегі аталмыш сөзді «дәрет алу» деп түсінсек те, онымен амал етілмейді. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Мүбәракфури: Тухфітуль Әхуизи. №81 хадис түсіндірмесі.
[2] Ханбәли мәзхабында дәрет бұзылады.
[3] Имам Тирмизи: Сүнән: «Сахаба Бәрра ибн Ъазиб былай дейді: Пайғамбарымыз (с.а.у.) түйенің еттері себепті дәрет алу жайында сұралды. Ол (с.а.у.): түйенің еті себепті дәрет алыңдар», - деп жауап берді. Және қойдың еттері себепті дәре алу жөнінде сұралғанда: «Қойдың еті себепті дәрет алудың қажеті жоқ», деп жауап берді». Бұған қатысты басқа да риуаяттар бар. 

Абдусамат Қасым