Аға сұрағым бар еді. Дәрет алғанда немесе ғұсыл құйынғанда кейде тістерімнің арасында тамақ қалдықтары қалып қойғандығын байқаймын. Сол жағдайда алған дәретім, ғұсылым дұрыс па? Кәрім Расулбеков.
|
Тіс арасына тұрып қалған тамақ қалдықтары ғұсылға кедергі ма?
|
Құрметті Кәрім, бұған қатысты ертеректе Ханафи мәзхабының ғалымдары мынадай пәтуа берген:
«Ғұсылы жоқ кісі су ішкен кездегі ішкен суы ауыз қуысының барлығына тиген болса, ауыз шаю амалы жүзеге асқан болып есептеледі. Ішкен суын түкіріп тастамай, ішке жұтуының зияны жоқ. Тіс ойығындағы немесе тісінің арасындағы қалып кеткен тамақ қалдықтарының ғұсылға кедергісі жоқ. Бірақ, тіс арасындағы тамақ қалдығын алып тастап, содан кейін ауызын шайғаны абзал». (әл-Фәтәуә әл-Һиндия , 1/16 бет.).
Ендеше, тістің арасында қалып кеткен тамақ қалдықтарының дәретіңізге де, ғұсылыңызға да кедергісі жоқ. Дегенмен де, мүмкіндік болып жатса, тіс арасындағы тамақ қалдығын алып тастап, одан соң ауызыңызды шайғаныңыз абзал. Бірақ міндет емес.
Өзекті сұрақтар
■
Мархұмның атынан қажылықты өтесем, мархұмның мойнынан қажылық парызы түсе ме?
■
Мархұмның жылын өткізу үшін кредит алса бола ма, басқа амалы болмай жатыр?
■
ИСА ПАЙҒАМБАРДЫҢ (Ғ.С.) КӨКТЕН ЖЕРГЕ ТҮСКЕННЕН СОҢ ҮЙЛЕНЕТІНІ РАС ПА?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?
Көп оқылғандар