Шаңғының бәтінкесіне мәсіх тартуға бола ма?
Шаңғының бәтінкесіне мәсіх тартуға бола ма?
2 күн бұрын 323

Шаңғының етігіне мәсіх тартып намаз оқи беруге бола ма? Еркебұлан.

Мәсінің шарттары бойынша мәсіх тартатын аяқ киім:

  1. Аяқ тобықтарын жауып тұратындай қонышы ұзын болуы керек.
  2. Киіп жүре алатындай болуы керек (әйнектен, темірден жасалғандар жарамайды,өйткені  олармен ұзақ жүре алмайды).
  3. Жыртық болмауы (бауы бар болуының зияны жоқ).  
  4. Ешқандай байлаусыз аяқта өздігімен бекем тұруы.
  5. Су өткізбейтіндей қалың болуы[1].

Осы негізгі шарттарына сай аяқ киімге мәсіх тарта берсе болады. Аяқ киімнің бауының болуы мәсіх тартуға кедергі емес. Шаңғы бәтінкелерінің арасында  аталмыш шарттарға сайларына мәсіх тартуға болады, ал мәсінің шарттарына сай еместері мәсіх тартуға жарамсыз, мысалы қонышы тобықтан төмен қысқа болса, әдеттегідей киіп жүруге қолайсыз болса т.б.  Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Имам Шүрунбуләли: «Нұруль Изах».

Абдусамат Қасым