Шафиғи мәзхабында жел шықса дәрет бұзылмайды дейді. Сол рас па?
Шафиғи мәзхабында жел шықса дәрет бұзылмайды дейді. Сол рас па?
6 жыл бұрын 12176

Шафиғи мазхабында кішкене жел шықса дәрет бұзылмайды дейді бір брат. Сол дұрыс па??Және «ән нуқоя» кітабының дәрет бабында оқыдым,мойынға масих тарту жайында. Парыз және уәжіп емес Мустахаб дейді. Сонда мойынға масих тартпасада болады ғой? Әсіресе далада намаз оқуға дәрет алғанда, суық тиема деп  қорқам сол кезде масих тартпасам болады ғой?? Азат.

Құрметті Азат, Шафиғи мәзхабында жел шықса дәрет бұзылады. Тіпті аталмыш мәзхаб бойынша, артқы тұрмақ алдыңғы мүшеден де жел шықса дәрет бұзылады[1].. Бұған байланысты орта ғасырда өмір сүрген, өз заманының теңдесіз ғұламасы, діннің барлық саласында «имам» саналған Имам Мұхаммед әл-Ғазали рахимаһуллаһ (м.1058-1111 ж.) өзінің Шафиғи фиқһы негізінде жазған «әл-уәсыйт филь мәзхаб» атты фиқһ кітабында былай деп өтеді:

«Дәреттің себептері – олар, төртеу:  Біріншісі, екі жолдың бірінен шығатын нәрсенің шығуы.  Мейлі ол жел болсын, мейлі көзге көрінер нәрсе болсын. Мейлі сирек кездесетін жағдай болсын, мейлі әдеттегі жағдай болсын. Мейлі таза нәрсе болсын, мейлі нәжіс нәрсе болсын. Және кейде зәр шығатын каналдан шеңбері бос болғандықтан, жел шығуы мүмкін. Бұлардың бәрі дәретті бұзады»[2].  

Екінші сауалыңызға байланысты айтар болсақ, Ханафи мәзхабында дәрет алған кезде желкеге мәсих тарту мұстахаб ретінде есептеледі. Бірақ, міндетті емес. Желкеге мәсих тартпасаңыз да дәрет дұрыс. Осы жөнінде толығырақ мәлімет алғыңыз келсе ілгеріректе жария етілген "Дәретте желкеге мәсих тарту бидғат па?" атты жазбамызды оқысаңыз болады. 


[1] Ханафи мәзхабында алдыдан шыққан жел дәретті бұзбайды, арттан шықса ғана бұзады.
[2] Имам Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Ғазалис: «әл-уасыйт филь мәзхаб». 1/311 бет.

Абдусамат Қасым